Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады
Қазақстан Ұлттық құрамасы 11 ақпанда Түркияда алғашқы жаттығуын өткізді.
«Бас бапкер Юрий Красножан негізгі құраманың бірқатар футболшыларын шақырды. Ол жаттығу кезінде және Молдова құрамасымен өткізетін жолдастық ойында футболшылардың дайындығын қарайды. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты қақпашы Александр Мокин келе алмады. Оның орнына ешкімді шақырмай, тек үш қақпашымен шектелдік. Олар – Андрей Сидельников, Ненад Эрич және Александр Петухов», - дейді құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 18 ақпанда Анталия қаласының «Мардан» стадионында Молдовамен жолдастық матч өткізеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.