Йонас Эрикссон футболдан Қазақстан Суперкубогының бас төрешісі болып бекітілді

2015 жылғы Қазақстан Республикасы Суперкубогы үшін өтетін матчтың бас төрешісі етіп щведциялық Йонас Эрикссон бекітілді. Эриксонға қапталдардан Даниэль Вернмарк пен Даниэль Густавссон көмектеседі. Эрикссон мен Вернмарк 2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатында қызмет атқарған. Ал, Густавссон еурокубок ойындарында жиі төрелік етіп жүр. Резервтегі төреші қазақстандық – Артем Кучин. 2002 жылдан бастап ФИФА төрешісі атанған 40 жастағы Йонас Эрикссон Бразилиядағы Әлем чемпионатынан басқа, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде, УЕФА Чемпиондар лигасында және өзге халықаралық кездесулерде бас төреші қызметін атқарған. Еске сала кетейік, «Астана» мен «Қайрат» арасындағы Қазақстан Суперкубогы матчы 1 наурыз күні «Астана-Арена» спорт кешенінде өтеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды