«Оле Бразил» жобасы аясында үшінші топ Бразилияға аттанады
Осыған орай 19 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында баспасөз мәслихаты өтпек.
20 наурыз күні Қазақстанға бразилиялық «Крузейро» футбол академиясының өкілдері келеді. «Крузейро» академиясының вице-президенті Астана және Алматы қалаларында Қазақстанның футбол инфрақұрылымымен танысып, ҚФФ басшыларымен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар, «Крузейро» академиясына «Оле Бразил» жобасы аясында 2000 жылы туған 26 жас өрен футбол негіздерін үйрену мақсатында 3 жылға Бразилия еліне аттанады. Осыған дейін екі топ Бразилиядан футболдың қыр-сырын меңгеріп, біліктіліктерін арттырып келген еді.
Осыған орай 19 наурыз күні Алматыда Мәдениет және спорт министрлігі Бразилияға жас ойыншыларға жолдама беру алдында баспасөз мәслихатын өткізеді. Баспасөз-конференциясына «Крузейро» футбол академиясының вице-президенті Родригес Сильва, академия менеджері Сильвейра Диниз, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің вице-төрағасы Мәлік Сапашов, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов қатысады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «Оле Бразил» жобасы 2009 жылы басталған.