Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Бүгін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (1999) Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны аясында соңғы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Карлес Марторелл шәкірттерінің қарсыласы шымкенттік «Ордабасы» клубының 1998 жылғы футболшылары болды. «Ордабасы» - футбол орталықтары мен академиялардың жастар командалары арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің күміс жүлдегері.
Жас айырмашылығына қарамастан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншылары сенімді ойнады. Алайда, матч 1:0 есебімен футбол орталығы ойыншыларының пайдасына шешілді. Айта кететйік, жасөспірімдер құрамасының футболшысы Марлен Айманов қарымта гол соққан еді, алайда, төреші шабуылшы ойыннан тыс қалғанын анықтап, голды санамады.