Қазақстан қыздар құрамасы Уэльсте өтетін Даму Кубогына қатысады
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 26 сәуір күні Шымкентте оқу-жаттығу жиынына жиналды. Футболшылар жиында Уэльсте өтетін Даму Кубогына дайындықты бастады.
Турнирге қазақстандық футболшылардан бөлек, Уэльс, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдарының құрамалары қатысады.
Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Ұлдана Шалқар (БИІК СДЮШОР №7), Дана Алмасбай (Астана);
Қорғаушылар: Әсем Әнуар (БИІК СДЮШОР №7), Лариса Корякова (Тараз), Айдана Серікбай (Ақтөбе), Ольга Волкова (БИІК СДЮШОР №7), Флют Ангелина (БИІК СДЮШОР №7), Айсәуле Сайдолла (Астана);
Жартылай қорғаушылар: Арайлым Орынбасарова (БИІК СДЮШОР № 7), Әселхан Тұрлыбекова (БИІК СДЮШОР №7), Мәдина Әмірбек (БИІК СДЮШОР № 7), Анастасия Низамутдинова (БИІК СДЮШОР №7), Виктория Попкова (БИИК СДЮШОР №7), Аида Смағұлова (Астана), Рано Ақбаева (Ақтөбе), Інжумаржан Серғали (Ақтөбе), Айдана Жәутікова (Ақтөбе), Карина Әділханова (Семей);
Шабуылшылар: Екатерина Колчина (Алматы), Светлана Вахитова (БИІК СДЮШОР №7).
5 мамыр күні Данияр Қайырбаев шәкірттері Фарер аралдары құрамасымен кездеседі. Ал, 6 мамырда Солтүстік Ирландия және 8 мамырда алаң иелері Уэльс құрамасымен ойнайды.