Қазақстан жастар құрамасы 8 мамырда Шымкентте оқу-жаттығу жиынына қатысады
Қазақстан жастар құрамасы 8 мамыр күні Шымкенттегі «БИІК» базасында жиналып, оқу-жаттығу жиынына қатысады. Жиын аясында «Ордабасы» футбол клубының негізгі құрамымен жолдастық матч өткізеді. Бұл ойын 12 мамырға белгіленген.
Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды.
Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Грубов Олег («Қайрат»), Дүйсен Абылайхан («Бәйтерек»);
Қорғаушылар: Агайсин Әнуар («Тобыл»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Халезов Павел («Астана»), Цой Данил («Қайсар»), Шаихов Берік («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Балтабаев Ойбек («Қайрат»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Сүлей Әлішер («Ертіс»), Таубай Абзал («Тараз») Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Хайруллин Ринат («Жетісу»);
Шабуылшылар: Әйімбетов Абат («Ақтөбе»), Сариев Рауан («Ордабасы»), Маров Алексей («Атырау»), Чулагов Самит (ЦСКА).
Сол күні Премьер-лига ойындарының екі туры өтетіні ескеріліп, келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілді. Қорғаушы: Кейлер Сергей («Қайсар»), Сүлейменов Аслан («Бәйтерек»). Жартылай қорғаушылар: Антипов Иван («Ақжайық»), Қалымбетов Мұхтар («Бәйтерек») және Нүкебай Данияр («Оқжетпес»).
Фото: www.kff.kz