Қазақстан футбол федерациясының президенті Қызылорда өңіріне барды
Қызылорда облыстық футбол қауымдастығымен кездесу барысында ҚФФ Президенті 2022 жылға дейінгі балалармен жасөспірімдер футболын дамыту жоспарымен таныстырды.
«Қызылорда – футболды аймақ. Қызылордада 14 мыңға жуық жасөспірім футболмен тұрақты түрде шұғылдануда. Қазір санды емес сапаны өсіру қажетпіз. Әлемге, Еуропаға Қазқастан Ұлттық құрамасының даңқын шығару үшін осы бастан балалармен жасөспірімдер футболын дамыту қажет», - дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.
Айта кетейік, кеше Шымкент пен Тараз жерінде осындай кездсу өткен. Алдағы күндері ҚФФ президенті Алматы облыстық футбол қауымдастығымен кездеспек.