Димитр Димитров «Ертіс» клубының бас бапкері болып тағайындалды
«Ертіс» ойыншыларына команданың жаңа бас бапкері таныстырылды.
56 жастағы болгар маманы Димитр Димитров «Ертіс» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Димитровқа отандасы Питер Коволев көмектеседі. Димитр Димитровпен келісімшарт маусым соңына дейін жасасқан.
Болгариялық маман осыған дейін «Черномеорц», «Локомотив» (Пловдив), «Амкар», «Әл Насыр», «Кадисси» сынды футбол клубтарын жаттықтырса, 2014 жылдан «Ботев» командасының спорттық директоры болған.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Ертіс» футбол клубын ресейлік маман Дмитрий Черышев жаттықтырған болатын.