Интерпол АҚШ-тың сұрауы бойынша ФИФА-ның 6 бұрынғы шенеунігін қамауға алу туралы ордер берді
Өткен аптада Цюрихте ФИФА-ның бірнеше шенеунігі жемқорлықпен айыпталып, қамауға алынған еді. Олардың арасында ФИФА-ның вице-президенттері Джеффри Уэбб пен Эухенио Фигередо бар. Сонымен қатар, Эдуардо Ли, Хулио Рока, Костас Таккас, Рафаэль Эскивель, Хосе Мария Марин ұсталып, тағы басқаларына айып тағылған.
Олардың қатарында Солтүстік пен Орталық Америка және Кариб бассейіні елдерінің футбол Конфедерациясының экс-президенті Джек Уорнер мен Оңтүстік Америка футбол федерациясының экс-президенті Николя Леос бар.
Ал, ордер Уорнер, Леосқа және ФИФА-мен байланысы бар фирмалардың өкілдері Алехандро Бурзако, Уго мен Мариано Джинкис және Хосе Маргулисқа берілген.