Санжар Ысқақов УЕФА Аймақ кубогының финалдық турнирінде қызмет атқарады
26 маусым мен 4 шілде аралығында Ирландия астанасы Дублин қаласында УЕФА Аймақ кубогының финалдық турнирі өтеді.
Бұл турнирдегі ойындарға қазылық етуге шақырылған төрешілердің бірі - ФИФА төрешісінің көмекшісі, қазақстандық Санжар Ысқақов.
29 жастағы қостанайлық төрешінің УЕФА аясында жұмыс тәжірибесі жоқ емес. Ол Еуропа Лигасының іріктеу турнирінде «Зестафони» (Грузия) – «Спартак» (Словакия), «Войводина» (Сербия) – «Рапид» (Австрия) матчтарында қызмет атқарған.
Сербия (2011) мен Нидерланды (2013) елінде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде төрелік еткен. Сонымен қатар, жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының аясындағы Сан-Марино – Грекия іріктеу матчында жұмыс істеген.
Сонымен қатар, Санжар Ысқақов 2015 жылдың 17-20 мамыр аралығында УЕФА-ның ФИФА төрешілерінің көмекшілеріне ұйымдастарған біліктілікті арттыру курсына қатысқан.