Павлодарлық «Ертіс» клубына чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Йирсак келеді

Чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Йирсак жуық арада «Ертіс» футбол клубының сапына қосылады, деп хабарлады «Ертіс» футбол клубының баспасөз хатшысы Павел Самойло. 30 жастағы чехтің мансаптық жолындағы алғашқы клубы «Градец-Кралове» (Чехия) болған. Т.Йирсак бұл клуб сапында 40 рет жасыл алаңға шығып, 5 гол салған. Сондай-ақ, Чехияның жоғары дивизионындағы «Теплице» клубында екі маусым өткізген жартылай қорғаушы 2007 жылы Польшаның «Висла» клубымен бес жылдық келісімшарт жасасқан. 2012-2015 жыл аралығында Болгарияның «Ботев» клубында ойнаған. Өткен маусымда Т.Йирсак 27 ойын өткізіп, 5 гол салған. Томаш Йирсак «Ертіс» футбол клубында енді 20-шы нөмірінде ойнайды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды