Еуропа Лигасы. «Бейтар»-«Ордабасы» матчының төрешілері анықталды
9 шілде күні Иерусалимде Еуропа Лигасының бірінші іріктеу матчы аясында жергілікті «Бейтар» шымкенттік «Ордабасы» клубын қабылдайды.
Ойынның бас төрешісі болып чехиялық Радек Пржигода, ал оның көмекшісі ретінде Иво Надворник мен Якуб Грабовски тағайындалған.
Айта кетейік, Шымкентте өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді. Матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді.