«Ордабасы» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады
Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмады. «Бейтар» клубымен өткен кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыластарына 2:1 есебімен есе жіберді.
Ойындағы алғашқы голды 16-минутта Ацили қақпаға жіберді. Бірінші таймның қалған уақытында шымкенттік команда бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, одан нәтиже шықпады.
60-минутта Габбай «Ордабасының» қақпасына тағы бір доп жіберді, алайда бірнеше минуттан кейін шымкенттіктер де гол соқты – 2:1. Осы есеп ойынның аяғына дейін өзгерген жоқ.
Қос команда арасындағы алғашқы кездесі 2 шілдеде Шымкентте өткен. Ондағы есеп – 0:0.