Қазақстандық Олжас Абраев УЕФА комитетіне қайта сайланды
30 жастағы қазақстандық маман Олжас Абраев футзал, жағажай футболы бойынша УЕФА комитетіне қайта сайланды.
Олжас Абраев 2011 жылдан бастап футзал және жағажай футболы бойынша УЕФА комитетінің мүшесі. Ол УЕФА атқарушы комитетіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.
Болгария құрамасының бұрынғы қақпашысы Борислав Михайлов УЕФА комитетінің төрағасы болып қала береді.