Футболдан Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі өтті
Астанада Қазақстан футбол федерациясы президенті Ерлан Қожағапановтың төрағалығымен Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі өтті.
Жиында бірқатар шешімдер қабылданды.
Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті болып Бағлан Ергешев тағайындалды. Ол – Қазақстан Ұлттық құрамасының 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына дайындығын қадағалайтын болады.
Кәсіпқой футбол лигасын Олжас Абраев басқарады. Оның жетекшілігмен Кәсіпқой футбол лигасы жеке құрылым ретінде қалыптаспақ.
Футболдан Қазақстан чемпионатын өткізу тәртібі өзгеріссіз қалды.
ҚФФ