«Ордабасы» - «Қайрат» матчы 0:0 есебімен аяқталды
Бүгін ҚПЛ-дың 23-ші туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» алматылық «Қайрат» командасын қабылдады.
Ойын тартысты өткенімен командалар гол соға алмай, 1 ұпайдан еншіледі.
Матчта сары қағазды алаң иелері сапынан Азат Нұрғалиев, Қайрат Әшірбеков, Дәуренбек Тәжімбетов пен Еркебұлан Тұңғышбаев, ал алматылықт клубтан Тоқтар Жаңғылышбай алды.
Осылайша 23 ұпай жинаған «Қайрат» командасы «Ақтөбені» озып, чемпионаттың 2-ші орнына шықты. Ал, «Ордабасы» 19 ұпаймен «Атырау» клубымен 4-ші және 5-ші орынды бөлісуде.