Жозе Моуриньо шәкірттеріне жаттығу кезінде әзілдесуге шектеу қойды
«Челси» клубының бас бапкері Жозе Моуриньо жаттығу кезінде футболшыларға әзілдесуге тиым салды.
Жозе Моуриньо ЕЧЛ топтық кезеңіндегі «Маккаби» және АПЛ 6-турында «Арсенал» клубтарына қарсы ойынға шәкірттеріне салмақты дайындалуды талап етуде.
The Telegraph басылымының жазуынша 52 жастағы португалиялық азамат бұл қадамға Чемпионаттағы сәтсіздіктен кейін барып отыр, деп жазады. «Челси» қазір АПЛ турнир кестесінде 4 ұпаймен 17 орында келеді.