«Астана» футбол клубы түркиялық «Галатасараймен» тең түскені үшін жарты миллион еуро алады
УЕФА Чемпиондар лигасының 2015-2016 маусымы аясында елордалық «Астана» түркиялық «Галатасараймен» кездесіп, матч 2:2 есебімен аяқталды. Осы тең ойын үшін «Астана» футбол командасы 500 мың еуро сыяқы алады.
Айта кетейік, УЕФА-ның бұл құрлықтық турнирінінің топтық кезеңіндегі жеңіске жеткен клубқа 1,5 миллион еуро төленсе, тең нәтижеге ойнаған команда жарты миллионға ие болады.