Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді.
Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.
Кездесудің бас төрешісі – шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.
Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.
Латвия құрамасында 9 ойыннан кейін 5 ұпай болса, Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 2 ұпай бар.