«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді
25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі.
Ойынның бас төрешісі болып павлодарлық Игорь Алешин тағайындалды. Оған атыраулық Анатолий Ходин мен тараздық Дмитрий Филоненко көмектеседі. Қосымша көмекшілер: Артём Кучин (Қарағанды), Болат Карлибаев (Орал) және резервтегі төреші – алматылық Алексей Шабанов.
Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.