Ерлан Қожағапанов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
Кездесуге Ерлан Тоқтарханұлынан бөлек, ҚФФ департаменттерінің жетекшілері, облыстық спорт басқармасының жетекшісі, сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев қатысты.
Жиында қазақстандық клубтардың бюджетінің ашықтығы, жаңа стадионның құрылысы, қаланың футбол инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан Ұлттық құрамасының матчын Ақтөбеде өткізу сұрақтары көтерілді.
Кездесуде жанкүйерлер өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Нәтижесінде, Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі Ақтөбеде Қазақстан Ұлттық құрамасының жолдастық матчын өткізуге уәде берді.
Ал, «Ақтөбе» клубының жетекшілері келесі маусымда клубтың бюджеті 2 миллиард теңге құрайтынын, 1 қаңтардан бастап Орталық стадион клубтың қарамағынан өтетінін айтты.