ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкерінiң есімін қаңтар айының соңында жариялайды
28 желтоқсан күні Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін дауыс беру арқылы таңдаудың алғашқы кезеңі басталған болатын.
Федерация тарапынан шешім қабылдау үшін сауалнамаға 50 мыңға жуық адам қатысуы керек еді.
Сауалнама 18 күнге созылып, 2600 адам қатысты. Шетелдік маманға 1755 адам дауыс берсе, отандық мамандарды қолдаған жанкүйерлердің саны - 845.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкерінің есімін қаңтар айының соңына дейін жариялайды.
ҚФФ