Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне дайындықты жалғастыруда
Дайындық кезеңінде Какау шәкірттері Украина құрамасымен жолдастық матч өткізді.
Қазақстандық ойыншылар кездесуді өте белсенді бастады. 9-минуттта қарсыластар қақпасына төрт гол соқты. Гол авторлары Дуглас, Серік Жаманқұлов, Павел Таку және Александр Довгань. Алайда, басымдықты ұстап тұра алмай, бірінші тайм 4:3 есебімен аяқталды.
Екінші таймның басында Александр Довгань ойындағы екінші голын соқты. Дегенмен кездесудің соңына дейін Евгений Рогачев пен Дмитрий Бондарь көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 5:5.
Украина – Қазақстан 5:5 (3:4)
Голдар: Грицына 12, Валенко 13, Журба 15, Рогачев 26, Бондарь 39 – Дуглас 5, Жаманқұлов 6, Таку 7, Довгань 9, 24
Қазақстан: Шамро, Игита, Гребонос, Довгань, Кнауб, Нұрғожин, Сүлейменов, Дуглас, Лео, Першин, Пенгрин, Таку, Жаманқұлов, Есенаманов.