ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды
Сербияның Белград қаласында футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін ресейліктермен өткізіп, 1:2 есебімен есе жіберді.
Алма-кезек шабуыл кезінде ресейлік футзалшы Ромуло Қазақстан құрамасына бір минутта екі гол салып алға шықты. Бұл ойынның 12-минуты. Голдан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау тайм-аут алып, шәкірттеріне ақыл-кеңесін берді. Сосын алаңға қақпашы Игита алға шығып, 13-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов есепті қысқартты. Бұл - қазақстандықтардың Еуропа чемпионатында соққан алғашқы голы еді. Екінші таймда есеп ашылмады.
«C» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы келесі ойынын 5 ақпан күні Хорватия командасымен өткізеді. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сағат 23:20-да тікелей эфирде көре аласыз.
Айта кетейік, әр топтан 2 құрама біріншіліктің келесі кезеңіне өтеді. Сондықтан, келесі кезеңге шығу үшін Қазақстан құрамасы Хорватияны жеңу қажет.