«Барселона» футболшысы Неймардың 50 миллион долларға жуық мүлігіне арест салынды
Сан-Паулуның (Бразилия) федералды соты белгілі футболшы, испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Неймардың активтерін тоқтатуға ордер берген.
Активтер қатарында кеме, ұшақ және жылжымайтын мүлік бар. Тыйым салынған активтердің жалпы құны – 50 миллион долларға жуық.
Неймарды салық төлеуден жалтарған деп айыптап отыр. Өткен жылы бразилиялық сот футболшыға және оның отбасымен байланысы бар компанияларға 2011-2013 жыл аралығында 16 миллион доллар салық төлемеді деп айып таққан еді.
Ал, Неймардың өзі бұл айыптауларды жоққа шығаруда. Ол Сан-Паулу федералды сотына апеляция берген, алайда сот оны кері қайтарды. Дәл осы шешім оның активтерін арестке алуға себеп болған.
Испанияда Неймардың «Барселона» клубына ауысуына байланысты іс қозғалған. Клуб футболшы үшін 57,1 миллион еуро төлегенін айтады. Бұл ақшаның көп бөлігін Неймардың әкесіне тиесілі «Neymar Santos» компаниясы иеленген. Ал, тексеріс кезінде «Барселона» Неймар трансфері үшін 83,3 миллион еуро жұмасағаны анықталды.