Андрей Аршавин «Қайрат» клубымен келісімшарт жасасуы үшін Алматыға келді
«Кубань», «Арсенал», «Зенит» және Ресей құрама командалырының бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин Алматыға келді.
Ресейлік Sovsport.ru сайтының мәлімдеуінше Андрей Аршавин «Қайрат» клубымен 1 жылдық келісімшарт жасасуы мүмкін.
Егер екі тарап келісімге келіп жатса, Аршавин 8 наурызда өтетін «Астана» - «Қайрат» арасындағы Қазақстан Суперкубогына қатыспақ.
Сондай-ақ, «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев бір сұхбатында тағы бір ресейлік футболшы Кирилл Комбаровқа да қызығушылық танытып жатқанын айтқан еді.