Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстан футболшыларынан жеңіліп қалды
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстан жасөспірімдер құрамасымен алғашқы жолдастық матч өткізіп, 1:2 жеңіліп қалды.
Бободжон Ғафуров ауданындағы «Хистеварз» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Есепті Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Денис Красноперов ашты. Алайда, алаң иелері Фаридун Неъматов пен Тохир Малодустов соққан голдардан кейін алға шықты.
Ертең 18 наурыз күні Қазақстан мен Тәжікстан жасөспірімдер құрамалары екінші жолдастық матчын өткізеді. Ойын сағат 11:00-де басталады.
Жолдастық матч
Тәжікстан (U-16) – Қазақстан (U-16) – 2:1
Голдар: Денис Красноперов, 14 (0:1). Фаридун Неъматов, 16 (1:1). Тохир Малодустов, 19 (2:1).
ҚФФ