Андрей Аршавин алматылық «Қайратқа» ауысты
Алматылық «Қайрат» футбол клубы ресейлік Андрей Аршавиннің команда сапына қосылғанын ресми түрде мәлімдеді. Келісімшарт бойынша спортшы клубта 1+1 жүйесімен 28-ші нөмірде ойнайды, деп хабарлайды «Қайраттың» ресми сайты.
Айта кетейік, жартылай қорғаушы 2008 жылы «Зенитпен» (Санкт-Петербург) УЕФА Кубогы мен Сурекубогын ұтып алады. Сонымен қатар, Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленеді.
2009 жылы ол лондондық «Арсеналға» ауысып, 100-ден артық матч өткізеді. Ал, 2013 жылы «Зенитке» қайта оралады. Тағы екі жылдан кейін «Кубань» командасына ауысып, 2016 жылдың ақпанына дейін ойнайды.