«Қазақстан» РТРК журналистері шағын футболдан Ә.Жармұхамедов атындағы турнирде чемпион атанды
Кеше шағын футболдан журналистер арасында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов атында жарыс өтті.
Турнирге «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Комментаторлар мектебі», Alzhan.kz спорт порталы, «31 арна», «Аңыз адам» журналы, «Алма медиа» ұжымы және «Қазақ ТВ» командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық арна журналистері чемпион атанды. Екінші орынды «Аңыз адам» журналының ұжымы жеңіп алса, Alzhan.kz спорт порталының ұжымы үшінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, Ұлттық арнаның журналисі Амангелді Сейітхан турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Турнир қонақтары жарыстан соң Наурыз көжеден дәм татып, мәз-мейрам болып тарқасты. Турнирден соң қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұxамедовтың есімімен тікелей байланысты Alzhan.kz сайтының ресми ашылуы жалғасын тапты.
Мәскеуден осы іс-шараға Әлжан Жармұxамедов арнайы келді. Сонымен қатар, Қуат Хамитов, Жанқош Тұраров, Шыңғыс Есенаманов, Айбек Нұрсейіт сынды спортшыларымыз кеш қонағы болды.
Айта кетейік, Әлжан Жармұхамедов баскетболдан 1972 жылы Мюнхенде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.