«Реал Мадрид» Криштиану Роналдуды 60 млн еуроға сатуға әзір
Мадридтік «Реал» басшылығы команданың португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатуға әзір, деп жазады шетелдік БАҚ өкілдері.
Шетелдік БАҚ өкілдерінің ақпаратына сәйкес, мадридтіктер Португалия құрамасының футболшысын 60 миллион еуроға сатпақ.
Ал, Роналдудің өзі сатып алатын клубтан жылына 20-25 миллион еуро жалақы алуға үмітті. Қазірше Роналдудің бұл талабын орындауға франциялық «ПСЖ» мен англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы дайын екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, Криштиану Роналду 2009 жылы «Манчестер Юнайтед» клубынан «Реал» сапына 94 миллион еуроға ауысқан еді.