«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне Кахабер Цхададзе тағайындалды
Грузин маманымен келісімшарт осы кезеңнің соңына дейін жасалған.
Бапкерлік жолын Кахабер Цхададзе 2001 жылы Грузияның «Локомотив» клубында бастаған. Кейін «Сиони», «Стандарт» және «Интер» сияқты клубтарды жаттықтырды. 2016 жылға дейін ол Грузия ұлттық құрамасын басқарған.
Бапкер ретінде Кахабер Цхададзе Грузияның екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан чемпионатының алтын медаль иегері атанды. Еске сала кетейік, «Қайратты» осыған дейін жаттықтырған ресейлік маман Александр Бородюк сәуір айының басында қызметінен кеткен болатын.