Еуро-2016. Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен ұтты
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Италия мен Испания құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Италия құрамасы Венгрияны 4:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 33-ші минутында Италия құрамасының футболшысы Джорджио Кьеллини гол соғып, есепті ашты.
Ал, екінші таймның соңында Грацциано Пелле есепті 2:0-ге жеткізіп, құрамасына жеңіс сыйлады.
Италия – Испания 2:0
Гол: 1:0 – 33 Кьеллини, 2:0 – 90 Пелле.
Италия – Буффон, Бонуччи, Кьеллини, Де Шильо, Бардзальи, Пароло, Флоренци (Дармиан, 84), де Росси (Мотта, 54), Жаккерини, Пелле, Эдер (Инсинье, 82).
Испания – Де Хеа, Пике, Альба, Хуанфран, Рамос, Иньеста, Бускетс, Сильва, Фабрегас, Нолито (Адурис, 46; Педро, 81), Мората (Васкес, 70).