Еуропа Лигасы. Шымкентік «Ордабасы» сербиялық «Чукарички» командасымен 3:3 есебімен тең түсті
Шымкенттік «Ордабасы» клубы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында сербиялық «Чукарички» командасын қабылдады. Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында өткен матч 3:3 есебімен аяқталды.
Ойынның 1-ші кезеңінде қазақстандық футболшылар өз қақпасына 3 гол өткізіп алды. Екі голды Станиша Мандич (10 және 14 минут) соқса, 21-ші минутта Асмир Каевич «Ордабасы» қақпасына 3-ші голды дарытты. Алайда, 1-ші тайм аяқталар шақта Александр Гейнрих гол соғып, есепті 1:3-ке жеткізді.
Матчтың 2-ші таймында шымкенттік команда көптеген шабуылдарға көшті. Ойынның 67-ші минутында Еркебұлан Тұңғышбаев, ал кездесудің соңында Темірлан Ерланов гол соқты. Осылайша ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, қос команда арасында өткен алғаш ойын 3:0 есебімен «Чукарички» командасының пайдасына аяқталған еді. Екі матч қорытындысы бойынша 6:3 есебімен басым түскен сербиялықтар Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өтті.