«Астана» соңғы минуттарда жеңіске жетті
«Астана» мен «Жальгирис» командалары арасындағы кездесудің соңғы минуттарында жергілікті клуб ойыншылары гол салып, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік кезеңіне өтті.
Ойын 2:1 есебімен «Астана» командасының пайдасына аяқталды. Голды салған босниялық легионер Марин Аничич (31', 92') пен бразилиялық Эливелтон (57').
«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңінде «Селтик» - «Линкольн» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл кездесу Астана уақытымен сағат 00:45 басталады. Алғашқы ойында «Линкольн» ойыншылары жеңіске жеткен болатын (1:0).
Атап өтейік, елордалық «Астана» мен литвалық «Жальгирис» командаларының ойынын тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсетті.
Матчтың қайталауын ертең «Kazsport» телеарнасынан сағат 12:00-де көре аласыздар.
«Астана» - «Жальгирис» матчының толық нұсқасы.