Бүгін «Астана» ФК литвалық «Жальгирис» командасымен кездеседі
Бүгін «Астана» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының екінші біліктілік кезеңі аясында литвалық «Жальгириспен» кездеседі. Бір апта бұрын прибалтикалық қарсылас жеріндегі кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған.
Бұл ойынға бас төреші ретінде 28 жастағы швейцариялық маман Сандро Шерер тағайындалды. Оған отандастары Раффаэль Зедер мен Беким Зогай көмек көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, футболсүйер қауым ойынды 19:30-да «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.