Брендан Роджерс өзінің командасын Астанада күтіп тұрған қиындықтар туралы айтты
Глазголық «Селтик» бас бапкері - Брендан Роджерс өзінің командасын Астанада күтіп тұрған қиындықтар туралы айтты. «Алты сағаттық ұшу, бес сағаттық айырма, 35 градустық аптап ыстық пен сусыз жасанды алаңнан басқасы орынды болуы керек. Бұл бізге бұйырғаны. Ойын сәрсенбі күні, бізге дүйсенбі ұшып шығып, ойынға дұрыстап дайындалу керек», - деп Брендан Роджерс Sky Sports телеарнасына мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Селтик» екі ойын есебімен гибралтардық «Линкольн» командасын жеңген болатын (0:1, 3:0), ал «Астана» литвалық «Жальгирис» командасынан басым түсті (0:0, 2:1). Клубтар арасындағы бірінші ойын 26/27 шілде күні Астанада, ал қарымта кездесу 2/3 тамызда болады.