Алматылық «Қайрат» израильдік «Маккаби» командасынан жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап «Маккаби» шабуылға шықты. Бұл өз жемісін 5 минутта беріп, Бен Хаим сол қапталмен ұмтылып, «Қайрат» қақпасына гол салды – 0:1 (Таль Бен Хаим, 5`).
Жылдам гол өткізіп алған «Қайрат» алға ұмтылып шабуылдай бастады. Бірақ бірінші таймда гол сала алмады.
Екінші тайм ортасында Райковичтің қақпасына Исаэль бұрыштамадан көтерген добты Гоу дәл бағыттады – 1:1 (Жерар Гоу, 64').
Тайм соңына қарай Плотников қақпасына израильдіктер шабуылын үдете түсіп, сол шабуылдардың бірі голмен аяқталды. Жергілікті команда капитаны Альберман өз тель-авивтіктердің маңызды голының авторы атанды – 1:2 (Галь Альберман, 86`).
Осылайша, Нетанияда өткен кездесуде Кахабер Цхададзе шәкірттері бір доп айырмамен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды.
Естеріңізге сала кетсек, «Маккаби» - «Қайрат» ойнын тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасы көрсеткен болатын.