Мадридтік «Реал» «Севильяны» ұтып, УЕФА суперкубогінің жеңімпазы атанды.
Норвегияның Тронхейміндегі «Леркендель» стадионында өткен кездесудің негізгі уақытысында ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал қосымша уақытта мадридтіктер жеңіс голын соқты.
Тартысты ойынның 21-минутта «Реал» сапында алғашқы матчын өткізген 20 жастағы Марко Асенсио есеп ашты. Алайда үзіліске дейін «Севилья» есепті теңестіре алды. Гол авторы – Франко Васкес.
Кездесудің екінші таймы да нәтижелі болды. Ойынның 71-минутында Серхио Рамос өз айып алаңында ереже бұзып, төреші он бір метрлік айып соққысын белгіледі. Пенальтиді украиндық футболшы Евгений Коноплянка дәл орындап өз командасын алға шығарды. Алайда матчтың 94-минутында Рамос гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Бірінші қосымша тайм «Севилья» ойыншысы Тимоти Колоджейчиктің 95-минутта алаңнан қуылуымен есте қалды.
Матч нәтижесі 119-минутта шешілді. Шешуші гол авторы «Реал» қорғаушысы «Дани Карвахаль атанды.
Айта кетсек, бұл «Реал» тарихындағы үшінші УЕФА суперкубогі. Бұған дейін корольдік клуб УЕФА суперкубогін 2002 және 2004 жылдары жеңген еді.