Джо Харт «Манчестер Ситиден» «Ториноға» ауысты
«Манчестер Сити» мен ағылшын футбол құрамасының қақпашысы Джо Харт мансабын Италия чемпионатында жалғастырады. 29 жастағы голкиперді «Торино» футбол клубы жалға алды, деп хабарлайды «Манчестер Сити» ресми сайты.
Харттың ағылшын клубынан оны негізгі қақпашы ретінде көрмейтін бас бапкер Хосеп Гвардиоланың әсерінен кеткен еді.
Естеріңізге сала кетсек, «Манчестер Сити» Гвардиоланың өтініші бойынша «Барселонаның» чилилік қақпашысы Клаудио Бравоны өз қатарына қосқан болатын.