Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Польша ойыншыларымен тең түсті (ВИДЕО)
4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін Польша құрамасымен (Е тобы) өткізді.
Бірінші таймда қарсылас құраманың ойыншысы Бартош Капустка мен капитан Роберт Левандовски (35`, пенальти) көзге түсті.
Екінші таймда Қазақстан құрамасы ширақ қимылдап, поляктардың қақпасына екі гол соқты. Ойынның 51-минутында Сергей Хижниченко алғашқы голды соқса, 58-минутта дубль жасап, есепті теңестірді (2:2).
Ұлттық құрама келесі матчын сырт алаңда Черногория құрамасымен өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Польша кездесуін «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфир көрсетті.