Қазақстандық бапкер литвалық клубтың бас бапкері қызметіне тағайындалды

Қазақстандық Владимир Чебурин литвалық «Судуваның» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Чебуриннің алдына қойылған басты міндет – команданы Еуропа Лигасына шығару және Литва Кубогін иелену. Маусым 27 қараша күні аяқталады. Қазіргі таңда «Судува» ел біріншілігінде төртінші орында. Чебуриннің жаңа командасы алғашқы ойында «Стумбрасты» (2:1) есебімен жеңіп, Литва Кубогінің ақтық сынына шықты. Чебурин Литва елінде осымен екінші рет қызмет етпек. 2013 жылы қазақстандық маман жетекшілік еткен «Круоя» командасы чемпионатта екінші орынды иеленіп, Еуропа Лигасына жолдама алған болатын. «Судува» мен жаттықтырған «Круоя» командасынан еш кем емес деп ойлаймын. Бізге ойын мәселелерін шешу керек, сонда бұрынғы нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді Чебурин. Айта кетейік, 51 жастағы Чебурин «Шахтер» командасын жаттықтырды. Сонымен қатар, «Оқжетпес» клубында қызмет етті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды