«Зениттің» черногориялық шабуылшысы Қазақстанға қарсы ойнай алмайды
Санкт-Петербургтік «Зенит» пен Черногория құрамасының шабуылшысы Лука Джорджевич жарақатына байланысты Қазақстан және Дания құрамаларына қарсы матчтарға қатыса алмайды.
Еуропа Лигасының топтық кезеңінде голландиялық «АЗ»-ға қарсы матчта черногориялық форвард оң аяғының тізесінен жарақат алды. 22 жастағы футболшының алаңға қашан оралатыны әзірше белгісіз. Бірақ Джорджевич Қазақстан (8 қазан) мен Данияға (11 қазан) қарсы матчтарға қатыса алмайтыны анық.
Фото - fc-zenit.ru