Қазақстан – Румыния кездесуіне португалиялық мамандар төрелік етеді
ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Румыния құрамалары арасындағы матчқа қазылық ететін арбитрлер бригадасы белгілі болды.
Кездесудің бас төрешісі болып 41 жастағы португалиялық Мануэль Жорже де Соуза тағайындалды. Оның көмекшілері – Рикарду Сантуш пен Алвару Мескита, қосалқы төреші – Фабиу Вериссиму (бәрі де - Португалия).
Айта кетейік, Қазақстан - Румыния матчы Астанада 11 қазан күні өтеді.