Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Норвегиямен кездеседі
Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы ЕЧ-2017 іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізеді.
Вахид Масудовтың шәкірттері бүгін өз алаңында Норвегия U-21 командасын қабылдайды. Бұл кездесуге бас төреші ретінде сербиялық Ненад Джокич тағайындалды. Оған отандастары Неманья Петрович пен Драган Богичевич көмектеседі.
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы бес командадан тұратын топта 4 ұпаймен 4-ші орында тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан-Норвегия кездесуі Ақтөбенің «Қобыланды Батыр» стадионында өтеді.