Қазақтың Эль-Клаcсикосында алматылық «Қайрат» елордалық «Астанадан» басым түсті - 2:0
Футболдан ел чемпионатының 30-шы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында елордалық «Астананы» 2:0 есебімен ұтты.
Тартысты бәсекеде алғаш болып есепті «Қайраттың» қорғаушысы Сеcар Арзо ойынның 29-ыншы минутында ашты.
Ал, жартылай қорғаушы Исламбек Қуаттың алыстан бағыттаған тамаша соққысы есепті еселеп, ойынның бірінші таймы 2:0 есебімен аяқталды.
Ойынның екінші жартысында әр команда қақпасына бір-бірден пенальти белгіленді. 60-ыншы минутта алматылық ұжымның қақпашысы Стас Покатилов 11-метрлік айып добын қайтарса, кездесудің соңғы минуттарында астаналық команда қақпашысы Ненад Эрич пенальтиден Жерар Гоудың гол салуына тосқауыл болды.
Осылайша, Кахабер Цхададзенің командасы мен елордалық клубтың арасындағы ұпай айырмасы 3 ұпайға дейін қысқарды. Бұл «Қайраттың» чемпиондыққа таласуына мүмкіндік берді.