«Астана Арена» стадионының спорттық жабыны ойыншылардың денсаулығына зиян келтірмейді

Елордадағы «Астана Арена» стадионының спорттық жабыны ойыншылардың денсаулығына зиян келтірмейді, деп  хабарлайды astanaarena.kz.

11 қазан күні  «Астана Арена» стадионында 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, ойын 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Отанына оралуынан кейін Румыния футбол федерациясының басшысы Рэзван Бурляну Астанадағы стадионда футбол ойнауға болмайтынын айтып, UEFA-ға шағымданатынын жария етті.

Осы мәселеге қатысты  алаң басшылығы «Астана Аренаның» FIFA-ның барлық стандарттарына сәйкес келетінін және футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирін өз алаңында өткізу үшін барлық сертификаттардың бар екенін ресми мәлімдеді. 

Стадионның қазіргі алаңы 2014 жылдың соңында төселген болатын. Оның басты құрамы: Domo Slide DS, 45M маркалы жасанды шөп, табиғи толтырғыш және арнайы құм.

Бельгияда өндірілген Domo Slide DS, 45M маркалы жасанды шөп – арнайы футбол ойындары үшін жасалған. Орама шөп жабындары 1 және 2 жұлдызды FIFA стандарттарына сәйкес және сынақтан сәтті өткен. Түгінің жоғары тығыздылығымен және ромб тәрізді қималарымен, тығыз монофиламентті жіптерімен ерекшеленеді. Доптың кері секіруі мен тоңғалақтану сипаты табиғи газонға ұқсас, бұл ойын барысында жайлылық сыйлайды. Кварц құмымен толтыру, жасанды газонның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал, IFL DOMO Naturafill табиғи толтырғыш қабаты  амортизациялық қасиет береді.

Жыл сайын стадионның футбол алаңы FIFA стандартына сәйкестік сертификациясынан өтеді. 2016 жылғы сынақ қорытындысы бойынша «Астана Арена» футбол стадионына 2 жұлдызды FIFA халықаралық сапа стандартына сай сертификат берілді.  Бұл мәлімет quality.fifa.com сайтында расталған.

Спорттық жабынның ойыншылардың денсаулығына келтіретін зияны туралы айтатын болсақ. «Астана-Арена» стадионының алаңында жаңа экологиялық концепт –  IFL DOMO Naturafill табиғи толтырғышы пайдаланылады. Жасанды газонға арналған бұл органикалық толтырғыш 100% жоғары сапалы тоз ағашының қабығынан тұрады, оның құрамында резеңке немесе кокос талшықтары сынды  басқадай қоспалар жоқ. Сонымен қатар, тоз ағашының қабығы табиғи тәсілмен жаңартылып тұратын, жаңартылатын ресурс болып табылады. Бұл толтырғыш түрі 1 және 3 жұлдызды FIFA стандартына сәйкес аккредиттелген зертханаларда сынақтан сәтті өтті. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды