Ренату Саншеш «Golden Boy» марапатының иегері атанды
Мюнхендік «Бавария» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ренату Саншеш 2016 жылғы ең үздік жас футболшы атанды және «Golden Boy» марапатының ие болады, деп хабарлайды goal.com.
Ренату Саншеш осы жылы Францияда өткен Еуро-2016 турнирінде Португалия құрамасы сапында чемпион атанып, командасының бұл жеңіске жетуіне зор үлесін қосты.
Айта кетейік, бұл марапат 21 жастан аспаған футбол таланттарына беріледі. Ал, Ренату Саншеш небәрі 19 жаста.