«Алтай» футбол клубына 9 ұпайы қайтарылды
Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубынан сәуір айында алынған 9 ұпайы қайтарылды, деп хабарлайды pflk.kz.
Ұпайлардың алынуы Лозанна арбитражды спорт сотының шешімі бойынша сербиялық футболшылар Джордже Мрджанин мен Саша Добрич алдында қарызын өтемеген үшін қолданлыған болатын.
Енді 9 ұпайының қайтарылуына балйанысты «Алтай» Бірінші лигада 58 ұпаймен 3-ші орыннан 2-ші орынға ауысты. Осыған байланысты шығысқазақстандық клуб ҚПЛ-дың 11-ші орын иесімен кездесу өткізіп, келесі маусымда жоағрғы лигада қай команданың өнер көрсететіні анықтайды.