Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде: Қазақстанға қарсы матч - біз үшін финал
Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы алдағы ойын жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды prosportkz.kz.
«Қазақстанға қарсы ойынның алдында жігіттермен Польша және Черногориядан жеңілгеніміз жайлы сөйлесуіміз керек. Әсіресе соңғы матч туралы. Кейбірімен сөйлесіп қойдым - жекелей де, телефонмен де. Бізде жақсы, тәжірибелі ойыншылар бар. Олардың клуб және құрама сапында қалай ойнайтынын салыстырсақ - мұнда үлкен айырмашылық бар. Әрине, жеңіліске қарамастан, өмір жалғаса береді. Жанкүйерлер мен басылымдардың тарапынан жасалған қысымға төтеп беріп, осы қиын жағдайдан шығуымыз керек. Менде осыған арналған нақты жоспар бар, бірақ, ол туралы ештеңе айтпаймын. Қазақстанға қарсы матч - финал. Егер мұнда жеңіске жетпесек, әлем чемпионатымен қош айтыса беруге болады», - деді Харейде Fyens.dk басылымына берген сұхбатында.
Дания - Қазақстан матчы 12 қарашада Норвегияда өтеді. Ойын Астана уақытымен 01:45-те басталады.