Обамеянг және Роберт Левандовскиймен жарысқан Антони Модест деген кім?
Бундеслиганың 2016-2017 жылғы маусымында сұрмергендер тізіміндегі бірінші орынды дортмундтық «Боруссия» футбол клубының шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгпен бөлісіп тұрған Антони Модестті көпшілік қатты біле бермейді. Ол осы маусымдағы Германия чемпионатында 10 матчта 11 гол салды.
Бұл француз футболшысының жасы 28-де. Ол - Бундеслигада өнер көрсететін «Кёльн» клубының шабуылшысы.
Кәсіби футболшы ретіндегі мансабын Франция чемпионатында өнер көрсететін «Ницца» футбол клубында бастады. Осы ұжымда 2 жыл ішінде ел біріншілігінде 42 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанды.
2009 жылдың маусымаралық трансфер уақыты кезінде Антониді «Анжер» бір жылға жалға алады. Жалға алу келісімшартысының уақыты бітісімен «Бородоға» ауысады.
2012 жылдың қысқы трансферлік ауысымы кезінде АПЛ-да бағын сынамақ болып, ағылшындық «Блэкберн Роверске» көшеді. Бірақ, сол жылдың жазында Отанына қайтып, « Бастия футбол клубы сапында 1 жылдай өнер көрсетеді.
2013 жылдың жазында германиялық «Хоффенхаймға» ауысып, Бундеслигадағы екі маусымда 55 ойын өткізіп, 19 гол салған болатын.
Ал, қазіргі клубына былтырғы маусымның басында клеген. Содан бері ол «Кёльн» үшін чемпионатта 44 матч ойнап, қарсылас қақпасына 26 гол салды.